Астанада «Отан» деп соғар жүрегім» атты жыр мүшәйрасы өтеді
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Жас түлек» шығармашылық клубының ұйымдастыруымен жалынды жас ақындарымыздың «Отан деп соғар жүрегім» атты жыр мүшәйрасы өтеді.
Бұл шара жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, поэзия жанрында қалам тартуға дағдыландыру, жас қаламгерлердің шығармашылығын халыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өтетін жас ақындардың жыр додасына әділ бағасын беретін қазылар алқасы құрамында танымал ақындар Оңайгүл Тұржан, Қалқаман Сарин, Балғынбек Имашевтар бар.