Астанада «Отанды сүю - иманнан» атты рухани-патриоттық кеш өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қыркүйектің 16-ында Қазақстан қажылар қауымдастығы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасымен бірлесіп «Отанды сүю - иманнан» атты рухани-патриоттық кеш өткізеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Қажылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Мұрат қажы Мыңбаевтың айтуына қарағанда, қасиетті Рамазан айында өткелі отырған рухани іс-шара барысында теолог, дінтанушы ғалымдар баяндама жасап, діни-руханият туралы деректі бейнефильмдер көрсетіледі. Сонымен қатар шара барысында имандылық жолында жүрген белгілі өнер шеберлерінің концерті болады. 

 Рухани-патриоттық кеш Қазақ гуманитарлық заң академиясының залында өтеді.

Соңғы жаңалықтар