Астанада отандық өндірушілердің «Қазақстанда жасалған» жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада отандық тауар өндірушілердің "Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане!" атты жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.
None
None

Шара 28-29 қараша аралығында Astana Mall сауда-ойын-сауық орталығында өтпек. Оған тек отандық тауар өндірушілер ғана - еліміздің барлық аймақтарынан 50-ден астам компания қатысады. Олардың арасында "Казлегпром-Алматы", "Алтын адам", "Glassman", "Альби" фабрикасы, "Zhamal-ai", "Өнерпаз", "Mukajan Kazakhstan", "Бал Текстиль", "Бағашар Мекен", "Ирида", "Домспорт" т.с.с. компаниялар бар. Жәрмеңкеде көпшілікке киім-кешек, текстиль бұйымдары, кілемдер, тұрмыстық химия құралдары, косметика, спорттық жарақтар, азық-түлік өнімдері ұсынылмақ. Ал жеңіл өнеркәсіп өнімдерінен келушілер тері бұйымдары мен төсек-орын жапқыштарына дейін сатып ала алады.

Соңғы жаңалықтар