Астанада отандық тауарлардың «Қазақстанда жасалған» көрме-жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ-нің «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ Астана қаласында 23-24 сәуір күндері «Astana Mall» СОО-да өтетін отандық тауарлардың «Қазақстанда жасалған» көрме-жәрмеңкесін өткізеді, деп хбарлады агенттіктің баспас өз қызметі.
Онда республиканың барлық өңірінен келетін 60-тан астам компания өздерінің отандық өнімдерін төменгі бағамен ұсынатын болады. Бұл жәрмеңке осымен екінші рет өткелі отыр және 2015 жылмен салыстырғанда қатысушылардың саны айтарлықтай көбеймек.
Жәрмеңкеде мынадай өнім түрлері ұсынылатын болады: әйелдерге, ерлерге және балаларға арналған киімдер, аяқ-киім, шұлық-ұйық бұйымдары, үй тоқымасы, тұрмыстық химия, керек-жарақ заттар, косметика, балаларға арналған ойыншықтар, сондай-ақ азық-түлік өнімдері.
«Қазақстандық өнімді таңдай отырып, біз мыңдаған адамдарға өздерінің жұмыс орындарын сақтап қалуға, елдің дамуына өз үлесін қосуға көмектесеміз!»,- делінген хабарламада.