Астанада отандық жас хореографтардың шығармашылық кеші өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 желтоқсанда Қазақ ұлттық өнеруниверситетінің Ж.Жабаев атындағы Үлкен залында отандық жас хореографтардың «Жастар шығармашылығы» атты шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар хабарлады.
«Жас педагогтар өнертану магистрі, режиссер-хореограф, «Жастар жалыны-2013» қалалық конкурсы Гран при иегері, «FiestaloniaKazakhstan -2014» халықаралық конкурсынлда 1-ші орын алған Ләззат Өкеева және өнертану магистрі, педагог-хореограф Элеонора Жұмадиярова өздерінің авторлық және педагогикалық жұмыстарын ұсынады. Хореографтардың жұмысы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Хореография» кафедрасының бастапқы және жоғарғы буындары студенттері мен көрермендерге тарту етіледі», - делінген хабарламада.
Кешті өткізу мақсаты көрермен қауымды отандық жас хореографтардың шығармаларымен таныстыру болмақ.