Астанада «Отбасы» жедел-алдын алу шарасы өтуде

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ -Елордада тамыздың 21-і мен 29-ы аралығында «Отбасы» жедел-алдын алу шарасы ұйымдастырылуда.

Астанада «Отбасы» жедел-алдын алу шарасы өтуде


Бұл туралы бүгін Астана қаласы ІІД Жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім бастығы полиция подполковнигі Гүлнәр Өміршенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Г.Өміршенованың айтуынша, «Отбасы» алдын алу шарасының негізгі міндеті - тұрмысы нашар отбасыларын анықтап, есепке қою, мектепке бармайтын, сондай-ақ себепсіз сабақтан қалатын балаларды анықтау, ата-аналар арасында маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Шара барысында тұрмысы нашар отбасы балаларының жаңа оқу жылына дайындығы тексерілуде.