Астанада «Отбасыдан артық не бар?» атты кең ауқымды акциясы өтуде

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Халықаралық отбасы күнінде «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық акциясының аясында

Астанада «Отбасыдан артық не бар?» атты кең ауқымды акциясы өтуде

«Отбасындан артық не бар?» атты кең ауқымды акциясы өтуде.

Оның негізгі мақсаты- Астана қаласындағы ата-аналар үшін Отбасы тәрбиесі институтын тәмамдаған 70 педагог-психологтың тегін кеңестерін ұйымдастыру және өткізу.

Бұл акция қаланың 70 нүктесінде таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін өтеді. Психологтардың кеңестері қаланың 60 оқу мекемесінде, «Қуаныш» даму орталығы, медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, «Premium staff service» жұмысқа орналасу бойынша бюросы, жаңа «Оқушылар сарайы» сияқты әлеуметтік маңызды нысандарда өткізіледі.

Акция қаладағы ата-аналарға отбасындағы психология және педагогика бойынша тегін кеңестер алуға мүмкіндік береді. Бұл 2000 жанұяға отбасылық тәрбиелеудегі күрделі кемшілікер мен өткір мәселелерді шешудегі дұрыс әрекеттер бағдарламасын табуға көмектеседі.

«Болашақ бүгіннен басталады!» - дейді шараның ұымдастырушылары және барлық адамдарды оған қатысуға шақырады.