Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті мен «Азиада-2011» кезінде кинология орталығының бес маманы арнайы дайындалған иттермен жұмысқа кіріспек
АЛМАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті мен «Азиада-2011» кезінде мамандарымыз есірткі мен жарылғыш заттарды анықтауға әбден жаттыққан асыранды бес итпен жұмыс істейтін болады.
Бұл жайында қазанның 29-ы күні өткен журналистік тур кезінде Алматыдағы кедендік кинологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Марат Берденбеков мәлім етті.
"Орталықта болған еуропалық кинология мектептерінің оқытушылары мақұлдаған біздің курсанттардың жоғары дайындығы тұрақты түрде қала бермек, сонымен қатар бүгінгі күні асыранды иттердің көмегімен табылған есірті мөлшері де өсіп отыр", - дейді М. Берденбеков. Ол сондай-ақ мамандардың тәжірибелі, ҚР Қарулы күштері қатарында "тергеуші иттер инспекторы" мамандығы бойынша қызмет еткендігін айтып өтті.
Орталық ашылғалы бері онда 634 адам өз білімдерін шыңдаған. Оның 547-сі - ҚР кеден органдарының қызметкерлері, 26 - арнайы қызмет, 7 - әскери полиция, 9 - ҚР ІІМ, 2-уі халықаралық Алматы әуежайының әуе қауіпсіздігі мамандары екен. Сонымен бірге Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері де осы орталықта дайындықтан өткен. Ал орталықтың оқытушылар ұжымы Германия мен Францияның ең үздік мектептерінен дайындықтан өткен тәжірибелі кинолог мамандар.