Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде 300 әлемдік компания әскери өнімін ұсынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің әр елінен әскери техника өндіретін 300-ден аса компания Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне өз өнімін ұсынбақ.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі қатысушылар саны әлі нақты емес екенін хабарлады. Өйткені, таяу және алыс шетелдегі қатысушылар мен меймандардан өтінімдер күн сайын түсіп жатыр.

«Көрменің танымалдылығымен қатар, еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту және армияны жабдықтау үшін «KADEX-2016» тиімділігін де атап өткен жөн. Оның өткізу нәтижелері әртүрлі мақсаттағы оптикалық-электронды аспаптарды өндіру, радиолокация және радиоэлектрондық күрес жүйелерін шығару мен техникалық қызмет көрсету, үш координаттық радиолокациялық станцияларды өндіру, сондай-ақ броньді кеудешелерді шығару жөніндегі бірқатар бірлескен өндіріс болады», - деп хабарлады ведомстводан.
Осы жылы «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтеді.
Аталған көрме - Орта Азиядағы ауқымды іс-шараның бірі.
Көрме 2010 жылдан бастап, үш рет өткізілді.

Соңғы жаңалықтар