Астанада өтетін Қазақстан саясаттанушыларының конгресінде сарапшылар Ұлт жоспарының тезистері мен оны іске асыруды қамтамасыз етудегі рөлін талқылайды
Шараның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Саясаттанушылар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Конгрестің жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, ҮЕҰ, отандық ғылыми-академиялық және сараптамалық-талдау қоғамдастықтарының өкілдері, сондай-ақ Қытай, Ресей және Болгариядан келген сарапшылар қатысады.
Шараның барысында «100 нақты қадам: барлығы үшін заманауи мемлекет» Ұлт жоспары мен оны іске асыруды ғылыми-талдамалық қамтамасыз етудің рөлін, сондай-ақ саяси ғылымды дамытудың маңызды мәселелерін ғылыми-сараптамалық талқылау өтеді.
ҚазАқпарат анықтамасы: Саясаттанушылар конгресі - Қазақстанның саяси қоғамдастығын нығайту мақсатымен 2014 жылдың қаңтар айында құрылған республикалық қоғамдық бірлестік.