Астанада өтетін марафонға қатысушылар қандай футболка киетіні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жеңіл атлетика федерациясы 27 тамыз күні елордада өтетін марафонда қатысушылар қандай түсті футболкалар киетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Федерацияның ресми таратқан мәліметінде жарысқа қатысушылардың барлығы жасыл түсті футболка киеді. Сондай-ақ, марафоншыларға арнайы спорттық рюкзак сый ретінде үлестіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана EXPO-2017» көрмесінің аясында өтетін ШЫҰ және АӨСШК халықаралық марафонына 2 мыңнан астам отандық және шетелдік әуесқой жүгірушілермен қатар кәсіпқой желаяқтар да қатысады. Марафонға қатысушылар 2017 метр, 10 шақырым және 42 километр аралығында сынға түсе алады. Қатысушылар қай қашықты таңдау өз ерікінде.

Марафонға тіркелгендер рюкзактары мен футболкалары 25-26 тамыз күндері «MEGA Silk Way» ойын-сауда орталығының аумағында «EXPO» көрмесінің автотұрағындағы Ұйымдастыру комитетінің арнайы мерекелік шарасы аясында алдын ала тапсырылады.

Жалпы, 27 тамыз күні өтетін ШЫҰ марафонына қатысу үшін www.scomarathon2017.com сайты арқылы тіркелу қажет. 42 шақырымдық жарысқа қатысудың жарнасы - 5 000 теңге, ал 10 шақырымға қатысудың жарнасы - 3 000 теңге. Сондай-ақ, 2017 метрге жүгіруге ешқандай жарна төленбейді.

Соңғы жаңалықтар