Астанада өтетін Нұрмағамбетов турниріне алты мемлекеттен боксшылар келді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  19 мамырда елордада қоғам және мемлекет қайраткері, Халық Қаһарманы, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған ірі халықаралық бокс турнирі өтеді. Оған алты елден боксшылар келді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астанада өтетін Нұрмағамбетов турниріне алты мемлекеттен боксшылар келді

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Тәжікстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен былғары қолғап шеберлері қатысады. Қазақстандық команда құрамында белгілі боксшылар қатысады, оның ішінде ел чемпионаттары, сондай-ақ халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар, атап айтсақ,  Сапарбай Айдаров, Әнуар Мұзапаров, Дархан Жұмсақбаев, Әділет Қапезов, Елдос Сарқұлов және т.б.

Атап өтсек, жарыстың салтанатты ашылуы 19 мамырда сағат 11-де С.К. Нұрмағамбетов атындағы республикалық мектепте өтеді.