Астанада өтетін Сәкен Майғазиевтің шығармашылық кешінің тақырыбы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурызда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін әнші Сәкен Майғазиевтің жеке шығармашылық кеші «Асыл ана» деп аталатын болды. Бұл туралы Астана мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов әлеуметтік желілерде мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, әншінің көмекшілері концерттік бағдарлама әзірге «Қыз-қызғалдақ» деп аталады, бірақ әлі өзгеруі мүмкін деген болатын.
Концертте көрермендер әншінің бұрынғы әндерімен қоса репертуарындағы жаңа әндерін де ести алады.
Шығармашылық кештің қонақтары Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, сондай-ақ, «МузАрт», «МелоМен», «Парасат» және «Арай» топтары болады.