Астанада өтетін Сирия келіссөздерінде бітімгершілікті бұзуға қарсы санкция қолдану мәселесі талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтетін Сирия келіссөздерінде бітімгершілікті бұзуға қарсы санкция қолдану мәселесі талқыланады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысы алдында БАҚ өкілдеріне ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада өтетін Сирия келіссөздерінде бітімгершілікті бұзуға қарсы санкция қолдану мәселесі талқыланады

«Соғыс қимылдарын тоқтату режімін бұзуды тіркеу тетіктері, сонымен қатар соғыс қимылдарын тоқтату туралы режімді бұзушыларға қатысты санкция қолдану туралы мәселелер қозғалады», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ақпанның 15-16-сы күндері елордада Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесу өтетіндігін хабарлаған болатынбыз. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сәйкес, кездесуде Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режимін сақтау мәселелері, соның ішінде белгілі аумақтарда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады. Сондай-ақ, бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгершілік режімді күшейту және басқа да Женева келіссөздері алдындағы шаралар талқыға салынбақ.