Астанада өтетін XI Еуразиялық медиа форумға 60 елден делегаттар қатысады

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 25-26 сәуір күндері Қазмедиа орталығында XI Еуразиялық медиа форум өтеді.

Астанада өтетін XI Еуразиялық медиа форумға 60 елден делегаттар қатысады

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, форум жұмысы барысында Ауғанстаннан НАТО әскерін шығарғаннан кейінгі аймақтағы қауіпсіздік, Таяу Шығыстағы шиеленіс, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың болашағы, медиа басымдықтар және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Осыған орай Астанаға көрнекті халықаралық саясаткерлер, экономистер, қаламгер-журналистер мен қоғамдық-саяси қайраткерлер шақырылып отыр. «Жалпы, форумға әлемнің 60 елінен делегаттар қатысады»,-деп атап көрсетті А.Әбибуллаев.