Астанада өтіп жатқан дзюдодан клубтар арасындағы І халықаралық турнирдің финалын «KAZsport» телеарнасы көрсетеді
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Астанадағы «Дәулет» спорт сарайында дзюдодан ерлер арасындағы халықаралық клубтық турнир ресми түрде ашылды.
Айта кетейік, турнир биыл құрылған «Так Астана» дзюдо клубының ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп отыр. Оған Ресей, Украина, Латвия және Қырғызстанның кәсіби дзюдо клубтары қатысуда. Дәл қазір туринирдің іріктеу жекпе-жектері өтіп жатыр.
Қазақстан өз тобында Латвия мен Ресей спортшыларымен өзара сынға түсуде. Ал екінші топта Украина, Қырғызстан және Ресейдің тағы бір дзюдо клубы бақ сынауда.
Бүгін кешкі сағат 18.30-да турнирдің ақтық сындары басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек. Сол себепті құрылықтық хоккей лигасы аясындағы «Барыс» пен «Салават Юлаевтың» матчын түнде қайталап көрсететін болды.