Астанада өтіп жатқан халықаралық мұражайтанушылар форумына алматылықтар да қатысуда
АЛМАТЫ. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан Халықаралық мұражайтанушылар форумына алматылықтар да қатысуда.
«Бұл шараға Алматы қаласынан Орталық мұражай, Д. Қонаев мұражай-үйі және Сәбит Мұханов мұражайы қатысып жатыр. Онда «Ең үздік экскурсовод», «Жылдың халық көп келетін ең үздік мұражайы», «Үздік мұражай жетекшісі» аталымдары бойынша үздіктер анықталмақ. Біз үшін жеңіске жету басты мақсат емес. Маңыздысы, әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, пікір бөлісу», - дейді Д. Қонаев атындағы мұражай-үйінің Бас қор сақтаушысы Гүлмира Бекмұратова.
Оның айтуынша, форум кезінде Д. Қонаев мұражай-үйі «Тәуелсіз Қазақстан және қазіргі заманғы мұражайлар» on-line акциясына қатысып, әріптестерін Халықаралық мұражай күнімен құттықтамақ. Онда сондай-ақ мұражай қызметкері Ж. Жанпейісова «8 жыл өткен соң... (Д. Қонаев қару-жарақтары)», Г. Бекмұратова «Ұлтаралық отбасылардың мұражайлық клубы. Бақыт үйде», деген бағдарламаларыен байқауда өз бақтарын сынамақ.