Астанада өткен «Әділет органдары кеңес береді» акциясы өз жемісін берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әділет органдары кеңес береді» атты республикалық акциясы шеңберінде Астана қаласы Әділет департаментімен 12-14 наурыз аралығында тегін құқықтық кеңес беру мақсатында халықпен кездесулер өткізілді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.
None
None

Акцияның негiзгi мақсаты - зейнеткерлерге, мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы отбасыларға және басқа да азаматтарға құқықтық кеңес берумен қолдау көрсету болды.

Сондай-ақ, осы іс-шара жемiстi және нәтижелi өткiзiлуі үшін құрамында Департамент пен оның құрылымдық бөлімшелерінің білікті қызметкерлері, сот орындаушылары, Астананың нотариустары мен адвокаттары, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық», қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тұрғын үй басқармасы өкілдері және т.б. құралған ақпараттық-насихаттық тобы құрылды.

Акция үш кезең бойынша өтті: бірінші күні Күйгенжар кентінің тұрғындарына, содан кейін Алматы ауданының №2 ХҚКО-да «Ашық есік күндері» өткізілді. Екінші күні ЕЦ-166/22 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеушілерге және Астана қаласының кәсіби-техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылар құрамына кеңес беру кездесулері мен ұжымдық шығулар ұйымдастырылды.

Үш күндік акцияның соңы ағымдағы жылдың 14 наурызында «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдаумен және Астана қаласындағы Әділет департаментінің ғимаратында қала тұрғындары мен жас жұбайларға «Ашық есік күнін» өткізу арқылы өз мәресіне жетті.

Акцияға қатысушы азаматтар ақпараттық-насихаттық топтан өздерінің сұрақтары бойынша заңға және өз құқықтарын қорғауға қатысты кеңес алғандарына ризылығын білдіріп, осындай тегін кәсіби заңгерлік кеңес және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізгендерге алғыстарын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындары Әділет органдары құзыреті шегіне кіретін сұрақтарына жауапты Астана қаласы Әділет департаментінің www.adilet-astana.gov.kz ресми ғаламторының бетінен ала алады.

Соңғы жаңалықтар