Астанада өткен айда ең төменгі күнкөріс шегі 21 563 теңгені құрады
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы шілде айында Астанадағы ең төменгі күн көріс шегі 21 563 теңгені құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
Халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шегі орта есеппен негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептеледі.
«2013 жылғы шілдеде оның алдындағы аймен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс шегі 0,5% төмендесе, 2012 жылғы шілде айымен салыстырғанда 7,7% ұлғайған», - деп хабарлады ведомстводан.
Соның ішінде ет пен балық сатып алуға 21,5%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқаға 13,9%, жеміс-жидектер мен көкөністерге 16,1%, нан өнімдері және жармаларға 6,8%, қант, шай мен дәмдеуіштерге 1,7% жұмсалады.