Астанада өткен «Балалық шақтың қауіпсіз жолдары» олимпиадасының жүлдегерлеріне планшеттер табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық Оқушылар сарайында «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында өткен оқушылар арасындағы олимпиаданың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Олимпиада «Балалық шақтың қауіпсіз жолдары» әлеуметтік жобасы аясында өткізілді. Бұл туралы елорданың ресми сайтында хабарлады.
None
None

Жарысқа 5953 оқушы қатысып, ақтық сында 29 оқушы бақтарын сынады.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша, №6 гимназияның оқушысы Иван Нечаев Гран-при иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар - планшеттер, смартфондар, электронды кітаптар табысталды.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Астана қалалық Ішкі істер департаменті мен білім басқармасының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар