Астанада өткен брендбук байқауының жеңімпазына 8 млн теңге табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген брендбук байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада өткен брендбук байқауының жеңімпазына 8 млн теңге табысталды

«Бүгін Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған байқаудың қорытындысы белгілі болды. Біз үшін бұл байқаудың маңызы өте зор. Өйткені, таңдап алынған брендбук биыл өтетін барлық маңызды шараларда кеңінен пайдаланылады. Байқауға көптеген жобалар келіп түсті», - деді жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Астана қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Берік Жекенов.
null 

Оның айтуынша, байқауға 62 өтінім берушіден 150-ден астам жұмыс келіп түскен. Жоба ұсынған авторлардың қатарында елордадан басқа еліміздің барлық өңірлерінен дизайнерлер болған. Әзіресе жастар жоғары белсенділік көрсеткен. Нәтижесінде байқау комиссиясы 8 жобаны Астананың 20 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық комиссия қарауына жіберген.

«Барлық жобаларды қарап талқыладық. Өз пікірімізді білдірдік. Қорытындысында Сіздер жеңімпаз деп танылдыңыздар. Барлықтарыңызды құттықтаймын. Айта кетерлігі, мұндай нышанды жасау өте қиын. Сіздерді талантты, өз ісінің майталманы деп санаймын», - деді байқау комиссиясының мүшесі Сағындық Жанболатов.
null 

Шара барысында жұмысы үздік деп танылған 8 дизайнер марапатталды. Оның ішінде «КазЮнион Консалт» ЖШС-нің артдиректоры Ақмарал Еспенбетов бас жүлдеге ие болып, елорданың мерейтойлық шараларында ұсынған логотип қолданылатын болады.

«Логотипті бір айға жуық дайындадық. Жұмысымыз Астана қаласын паш етеді. Онда сұңқар құсы бейнеленген. Үш жұмыс ұсынған едік. Соның бірі жеңімпаз атанып отыр. Өте қуаныштымыз. Еліміздің дамуына үлес қосқанымызды мақтан етеміз», - деді байқау жеңімпазы.
null null null null