Астанада өткен демалыс күндері 30 мас жүргізуші құрықталды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Өткен демалыс күндері Астанада 30 мас жүргізуші құрықталды,

Астанада өткен демалыс күндері 30 мас жүргізуші құрықталды

деп хабарлайды қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Демалыс күндері жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзудың 888 фактісін анықтады, оның ішінде 30 жүргізуші мас күйінде ұсталып, жылдамдықты асырудың 87 фактісі, қарсы жолға шығып кетудің 2 фактісі бар, 9 жүргізуші көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарып, 47-сі көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған. Айып тұрағына 22 автокөлік қойылды.

Бүгінгі күннен бастап елордамызда «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы басталды, ол 14 қаңтарға дейін созылады. Осыған орай қалалық жол полициясы күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруға көшірілді.