Астанада өткен демалыс күндерінде 1 мыңнан аса жол ережесін бұзу фактілері анықталды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері елордадағы жол қозғалысын қадағалау кезінде 1 068 түрлі жол ережесін бұзу фактілері анықталды.
None
None

Оның ішінде 21 жүргізушіні жол полициясы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұстады. Сонымен қатар, жолдың қарсы бөлігіне шыққан 10 жүргізушіге хаттама толтырылды. 15 адам көлікті тиісті құжаттарсыз жүргізсе, 62 азамат көлікті ұялы телефонмен сөйлесе отырып басқарған. Ал 26 автокөлік айып тұрағына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар