Астанада өткен фотокөрмеде Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің мәдениеті көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 21 желтоқсанда Астана қаласы Назарбаев университетінде фотоөнер шеберлерінің үздік туындысы - «Ұлы жібек жолындағы Ислам мәдениеті және тұрмысы» атты алғашқы халықаралық көрме ашылды.
None
None

Көрмені Қазақстан-дұңған қауымдастығы мен Қазақстандағы Қытай елшілігінің қолдауымен ҚХР Нинься Достық және Мәдениет Халықаралық Ислам Қауымдастығы ұйымы ұйымдастырды.
null  

Көрменің мақсаты қазақстандықтарды әлемнің 65 елінде жасалған фотоөнер шеберлерінің үздік жұмыстарымен таныстыру. Бұл 200 фото 80 мың жұмыстың ішінен таңдап алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда әр елдегі ислам халықтарының өмірі, тұрмысы, мәдениеті толық әрі тиімді көрсетіледі.
null

Ашылу рәсімінде Қазақстанда ҚХР Елшілігінің істеріне Уақытша сенім білдірілген Лю Цзянпин ханым 2013 жылы Назарбаев Университетінде «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы айтылғаннан кейін Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық екі есеге артқанын атап өтті.
null

Бүгінде Қазақстан Қытайдың стратегиялық әріптесі, тату көршісі. Екі ел үкіметтері «Нұрлы жол» мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының түйісуі жоспарын әзірледі, ол екі ел халқының дамуы мен гүлденуіне ықпал етеді.
null

«Біздің міндетіміз - әр халық, әлем елдеріндегі ислам әлемін көрсету, - деді ҚДҚ Президенті Х.Ш. Дәуіров. Жиналған қауым исламның керемет әлемі, тағдыры, ерекше сәттері түсірілген фотосуреттерді тамашалады. Суреттерде Жібек жолы халықтарының да мәдениетін танып-білуге болады.
null

Бұл фотокөрме ҚР Тәуелсіздігінің, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 25 жылдығына, сондай-ақ Жібек жолы Экономикалық белдеуі бастамасының 3-жылдығына арналды.

Көрмеге Қонаев көшесі, 14-үй бойынша «Хас Санат» фотогалереясына 22-24 желтоқсан аралығында ниет білдірушілер келулеріне болады.

null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар