Астанада өткен қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында спортшылар атынан батысқазақстандық Н.Жұмағазиев ант берді
ОРАЛ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Астанада өткен 7-Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында спортшылар атынан батысқазақстандық Нұрберген Жұмағазиев ант берді.
Нұрберген Азия ойындарында шорт-тректен ел намысын қорғайды. Шорт-тректен Батыс Қазақстан облысынан қатысатын алты спортшының бірі, Оралдағы мұз айдыны сарайында жаттығып келе жатқан ол М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқиды.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков бастаған мамандар баптайтын шорт-трекшілер ертең елордадағы велотректе өз жарыстарын бастайды. Бұл спорт түрінен кореялық, қытайлық, жапондық спортшылар мықты. Сондықтан қазақстандықтарға жүлделі орындар үшін таласу қиынға соғады. Дегенмен эстафеталық сында ел шорт-трекшілерінің қола жүлдеге қол созуға мүмкіндіктері бар.