Астанада өткір гастроэнтерит жағдайы тіркелді

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің мәліметі бойынша 2009 жылы шілденің 13-інде, сағат 8.45-те «өткір гастроэнтерит» диагнозымен 5 жедел хабар келіп түскен,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз  баянында айтылғанындай, бұл «тұрмыстық жағдайда орын алған». Науқастанушылардың бірі ыдыс жуушы болып жұмыс істейтін Б. деген азаматшаның айтуынша, қалған тағамдарды (жылқының еті, қуырылған балық) тоңазытқыштың жоқтығынан тәулік бойына целлофан қалтада салқындатпай сақтаған. Шілденің 10-ында кешке отбасы мүшелерімен барлығы тағамға қолданған және ауладағы үйде тұратын көршілеріне де дәм таттырған.

Ауырғандар бірнеше рет іштері өткені, жүректері айнығаны және дене қызуларының көтерілгендері жөнінде шағымданды, олар 2009 жылғы шілденің 12-13-і күндері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бүгінгі күні науқастардың хал-жағдайы қанағаттанарлық. Диагнозды анықтау мақсатында зертханалық тексерулер жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар