Астанада өз кәсібіне лайықтылардың фотосуреттері билбордтарға ілінеді - дауыс беру жалғасуда
АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі «Астана таңдауы» байқауын өткізуде, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Байқауға қатысу үшін бес саланың өкілдері таңдап алынды. Олар - дәрігер, қоғамдық көлік жүргізушісі, мұғалім, учаскелік инспектор, сондай-ақ қаланың кез келген лайықты тұрғыны.
Оларды қала тұрғындарының өздері таңдайды. Байқау жеңімпаздары Астана қаласы әкімдігінің www.astana.kz сайтында 1-20 маусым аралығында өтетін дауыс беру арқылы анықталады. Олардың фотосуреттері Астана көшелеріндегі билбордтарға орналастырылады.