Астанада өз өнерімді шыңдауда үлкен тәжірибе жинадым - Санкт-Петерборлық музыкант

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өзімнің кәсіби мамандығымда үлкен тәжірибе жинақтадым. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында «Астана-Опера» мемлекеттік опера және балет театры симфоникалық оркестрінің арфашысы Любовь Ткаченко айтты. Ол бүгінде елордаға Ресейдің Санкт-Петерборынан келіп, жұмыс істеп жатыр.

Астанада өз өнерімді шыңдауда үлкен тәжірибе жинадым - Санкт-Петерборлық музыкант

«Осында танымал музыканттар мен дирижерлерді кездестіргенім үшін Астанаға зор алғысымды білдіргім келеді. Әлемге танылған музыканттармен Мәскеуде немесе Петерборда бірге жұмыс істеу маған қиынға түсер еді. Астанада мен жаңа достарды таптым, сондай-ақ өзімнің кәсіби қызметімде үлкен тәжірибе жинадым»,-дейді ол.

Любовь Ткаченконың сөзіне қарағанда, Қазақстанның жас елордасында достықтың және қонақжайлылықтың ерекше әсерін байқауға болады.

«Мен Астананың бұдан әрі гүлденуін тілеймін. Осы қалада барша әлемнен талантты адамдар көптеп тартылуына тілектеспін!», - деді ол.