Астанада өзін адвокат ретінде таныстыратын алаяқ ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өзін адвокат ретінде таныстыратын алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада өзін адвокат ретінде таныстыратын алаяқ ұсталды

«Астана қаласы Ішкі істер департаменті өзін адвокат ретінде таныстырып, заңды қызметтер көрсету жөнінде келісімшарттар жасасып, алайда өз міндеттемелерін орындамаған бұрынғы адвокат Талғат Қапаровқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр», - делінген департамент таратқан хабарлама.

Сонымен қатар, азамат Т.Қапаров ақшаны пайызға беруші ретінде ақша құралдарын жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою арқылы беріп, сату-сатып алу туралы жалған келісімшарттарын жасау арқылы жылжымайтын мүлікті иемденген.

Астана қаласы ІІД Т.Қапаровтың заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері бойынша 8 (7172) 71-63-61, ұялы 8-701-516-57-43 хабарласуды сұрайды.