Астанада Өзін-өзі тану пәні бойынша қалалық ашық сабақ өтті

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - №22 мектеп-гиназиясында Өзін-өзі тану пәні бойынша қалалық ашық сабақ өтті. Бұл туралы Балалар құқығын қорғау басқармасына сілтеме жасап, astana.kz сайты хабарлады.

Астанада Өзін-өзі тану пәні бойынша қалалық ашық сабақ өтті

Сабақ 3 (кіші буын), 7 (орта буын) және 9-сыныпта (аға буын) қатар өткізілді. Онда балаларға «бақыт» сөзінің мағынасы түсіндіріліп, мәтіндерді дұрыс қабылдап, талдауға, көрнекі ойлау қабілетін дамытуға, адамгершілік және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге, жауап берушілерді тыңдай білуге, өзінің өмірлік ұстанымын, мақсаттарын, оған қол жеткізу тәсілдері мен жолдарын түсінуге ықпал етуге үйретті.

Сабақты Астана қаласы балалар құқығын қорғау басқармасы жанынан әрекет ететін «Жүректер үндестігі» клубының мүшелері өткізді. Оның құрамына өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімдері енген.

Бұдан басқа, оқушыларға әдістемелік материалдар, дисктер таратылды. Іс-шараның мақсаты өзін-өзі танудың рухани-адамгершілік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.