Астанада пандустармен және валидаторлармен жабдықталған жаңа IVECO автобустары жолға шығады (ФОТО)
![None None](/static/img/plug.webp)
"Қазiргi уақытта қаладағы қоғамдық көлiктердi жаңарту жұмысы жүруде. Бүгiнде 358 IVECO автобустарын сатып алу бойынша келiсiмшарт жасалды. Жыл соңына дейiн осындай 80 автобус жолға шығады. 2015 жылдың маусым айында 358 автобустың барлығы iске қосылады деп жоспарланған. Автобустар қақаған қыстың аязына бейiмделген. Экологиялық еуро-5 санаттық стандартқа сай. Қауiпсiздiктiң барлық жабдықтары бар, бейнетүсiрiлiм жасалып отырады. Сонымен қатар мүмкiндiгi шектеулi жандардың мiнiп-түсуiне ыңғайластырылған. Автобус төмен түседi және пантуспен жабдықталған", - дейдi "Астана LRT" ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Ардан.
Оның атап көрсеткенiндей, автобустар несиелiк жүйе арқылы алынған. Яғни, тiкелей мемлекеттiк қаражат жұмсалмаған. Несие келiсiмiнiң жалпы көлемi 107 млн. еуроны құрайды.
Бұл автобустар 10 және 9 бағыттарға шығады. Жыл соңына дейiн 28 және 42 бағыттарын да осындай автобустармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазiргi уақытта қалада 180 автобус жетiспейдi, алғашқы партия осы қажеттiлiктi қамтамасыз етуге бағытталады.