11:37, 06 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Астанада пара алған бұрынғы мемлекеттік қызметшіге 6 млн теңге айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанда Есіл ауданы мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасары пара алғаны үшін жазаға тартылды.
«Есіл ауданы №2 аудандық соты И-ге қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі қарады. Сотталушы Есіл аудандық мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасары бола тұра, «LuxuryHauseAstana» сауда үйінен ҚҚС қайтаруда оңайлатылған тәртіпте жәрдем көрсеткені үшін 100 000 теңгелік сертификат түрінде пара алған», - деп хабарлады қалалық сот баспасөз қызметінде.
Сот үкімімен И-дің жеке мүлікі тәркіленіп және өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару орындарында қызмет ету құқығынан айыра отырып, 6 000 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сот үкім заңды күшіне енді.