Астанада пара дзюдодан Гран-при жарысы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Пара дзюдодан 23-24 қараша күндері елорда төріндегі Beeline Arena спорт сарайында Grand Prix жарысы өтеді.

пара дзюдо
Фото: ҚР Пара дзюдо федерациясы

Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, турнир барысында 10 салмақта жүлделер сарапқа салынады. 

Басты екі ерекшеліктің бірі - жаңа Олимпиада циклінде салмақтар ауысады.

Ерлер 70, 81, 95, +95 келіде белдесетін болса, әйелдер 52, 60, 70, +70 келіде жүлдеге таласады. 

Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлер - 64 келі, әйелдер - 46 келі) жүлде үлестіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан чемпионатында Мағжан Шамшадинді жеңген Нұрәділ Әлжанның чемпион атанғанын жазған едік.