Астанада пара оқ атудан ашық чемпионат өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай пара оқ ату спорт түрінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қалалық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанада пара оқ атудан ашық чемпионат өтті
Фото: Астана әкімдігі

Жарысты Астана қаласы әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Елорда» спорт клубы өткізді.

Сайысқа клуб спортшыларымен қатар, аталған мекеменің қызметкерлері де қатысып, өз күштерін сынады.

Жарыс жеңімпаздары келесідей:

Пневматикалық тапаншамен ату:

1-орын — Севда Алиева;

2-орын — Александр Пасхалиди.

Пневматикалық винтовкамен ату (үстелден):

1-орын — Әйгерім Төлеген;

2-орын — Ардақ Отарбай.

Пневматикалық винтовкамен ату:

1-орын — Виктор Федюкин;

2-орын — Қайрат Тастемір.

— Жалпы алғанда, қалалық ашық чемпионатқа 25 спортшы қатысты. Жеңістің 80 жылдығына орай біз барлығы төрт жарыс ұйымдастырдық. Атап айтқанда: мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында шахмат, дойбы, отырып ойнау волейболы және бүгінгі пара оқ ату жарысы өтті. Бұл жарыстар — ел тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен батырларға көрсетілген құрметтің, әрі инклюзивті спортты дамытуға бағытталған маңызды қадамның айқын көрінісі, — деді мекеме басшысы Азамат Тағаев.

Қызметкерлер арасындағы нәтижелер:

Ерлер арасында:

1-орын — Олжас Мұқан;

2-орын — Азамат Тағаев;

3-орын — Бағдат Ерімбет;

Әйелдер арасында:

1-орын — Жансұлу Алина;

2-орын — Айгүл Жамаладина;

3-орын — Сәуле Дуанова. 

Айта кетелік бұған дейін еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар