Астанада паралимпиадалық мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 11 қарашада елордадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде паралимпиадалық мәнерлеп жүруден Қазақстан  чемпионаты өтті.

с
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

- Пара ат спорты – шабандоз бен тұлпардың мінсіз үйлесімін, шексіз ерік-жігер мен нағыз шеберлікті паш ететін ерекше өнер. Бүгінгі чемпионат спортшыларымыздың қайсар рухын дәлелдеп, еліміздегі инклюзивті спорттың дамуына тың серпін береді деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры Болатбек Дүкетаев чемпионаттың ашылу салтанатында.

спорты
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

ҚР Ат спорты федерациясының басшысы Рустам Баялиев жарыстың ашылу салтанатындағы сөзінде паралимпиадалық мәнерлеп жүру – адам рухының шексіз мүмкіндіктері мен қайсарлығының айқын дәлелі екенін, ал спортшылардың әр қимылы, табандылығы мен жеңіске деген құштарлығы мыңдаған жанға шабыт беретінін атап өтті. Сондай-ақ елімізде бұқаралық және паралимпиадалық спортты дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанына тоқталды. 

ч
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

- Кеше ғана Азия ойындары және Азия параойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Жолдауда жария еткен «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыру барлық саланың, соның ішінде спорт саласының дамуына айрықша серпін беретінін және осы бағдарлама аясында елімізде жаңа спорт нысандары мен инклюзивті орталықтар бой көтеретінін ерекше атап өтті. Бұл – ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өз әлеуетін толық іске асыруы үшін жасалып жатқан зор қамқорлық, - деді. 

Федерация басшысы бүгінгі чемпионат – жаңа есімдерді ашатын, шеберлікті шыңдайтын және достық пен бірлікті нығайтатын үлкен дода екенін айтып, қатысушыларға сәттілік, сарқылмас күш-жігер және жарқын жеңістер тіледі.

ч
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

Дүбірлі додада Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген тірек-қимыл аппараты зақымданған ерекше шабандоздар бақ сынады.

ат спорты
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

Жарыс барысында спортшылар қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай бес функционалдық деңгейге (I–V) бөлініп өнер көрсетті. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен шабандоздар ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

ы
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

Жарыс қорытындысы:

Para Grand Prix. Test B. 4 жіктеу деңгейі

1-орын Нұрмұхамед Қорғанбеков 
2-орын Сұлтан Жасыбай
3-орын Айдос Жылқышынов

Para Novice. Test A. 4 жіктеу деңгейі

1-орын Сұлтан Жасыбай 
2-орын Айдос Жылқышынов

Para Grand Prix. Test B. 2 жіктеу деңгейі

1-орын Елена Шишаева 
2-орын Ринат Бектұрсынов

Para Grand Prix. Test B. 1 жіктеу деңгейі

1-орын Назлы Әмірқұмарова 
2-орын Алмас Исанов
3-орын Райхан Баиканова

Para Novice. Test A. 3 жіктеу деңгейі

1-орын Исмаил Кайхаров 
2-орын Артем Терлецкий

Para Novice. Test A. 2 жіктеу деңгейі

1-орын Ахмад Билял

Para Novice. Test A. 1 жіктеу деңгейі
1-орын Назлы Әмірқұмарова
2-орын Арыстан Сабитқан
3-орын Нұрдана Ахмедова

Мәнерлеп жүру бастауы тест А
1-орын Владимир Воронин

Para Grand Prix. Freestyle Test 2 жіктеу деңгейі

1-орын Елена Шишаева 
2-орын Ринат Бектұрсынов

Para Grand Prix. Freestyle Test 2 жіктеу деңгейі

1-орын Райхан Баирканова 
2-орын Алмас Исанов
3-орын Айғаным Ермекова

ч
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы