Астанада паралимпиадалық жүзу және пауэрлифтингтен ӘЧ жүлдегерлерін күтіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әуежайында паралимпиадалық жүзу және пауэрлифтингтен әлем чемпионаты жүлдегерлерін зор құрметпен күтіп алды, деп хабарлайды «Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі.

Астанада паралимпиадалық жүзу және пауэрлифтингтен ӘЧ жүлдегерлерін күтіп алды

Еске сала кетсек, 9 желтоқсанда Мексикада паралимпиадалық жүзу және пауэрлифтингтен әлем чемпионаты мәреге жеткен болатын. Қазақстан спорты тарихында тұңғыш рет біздің саңлақтарымыз 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль алды.

Зульфия Габидуллина мен Наталья Звягинцева паралимпиадалық жүзуден әлем чемпиондары болды. Ал Андрей Афанасьев «қоламен» оралды.