Астанада параспортшылардың құрметіне көрме ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Францияның ұлттық мерекесіне орай және Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ашылу қарсаңында Францияның Қазақстандағы Елшілігі, ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті, қала әкімдігі және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық дайындық орталығы «Астана — Париж 2024: Фокуста гандиспорт және Паралимпиада ойындары» фотокөрмесін ашты.

көрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Көрмеге 50-ге жуық фотографиялық жұмыс қойылған. Онда параспорттың жүлдегерлері бейнеленген.

В Астане открылась выставка, посвященная паралимпийцам
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Оның кейбіреуі 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Париждегі Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтынын атап өткен жөн.

«Өкінішке қарай, паралимпиадалық спортшылар жиі көлеңкеде қалады. Көрме арқылы паралимпиадашыларға құрмет көрсеткіміз келді. Биыл Францияда 4,5 мыңға жуық паралимпиадашы спорттың 22 түрінен бақ сынайды», — деді Франция елшісі Дидье Канесс.

Дидье Канесс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сондай-ақ, көрмеде ірі халықаралық жарыстар кезінде түсірілген 20 фотосурет қойылған. 

Онда әртүрлі паралимпиадалық спорт түрлерінен сынға түсіп жатқан француз және қазақстандық спортшылар бейнеленген.

Али Оспанов
Фотода Әли Оспанов. Түсірген Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Арнайы әзірленген инклюзивті көрме Атырау көпіріне кіре берісте ақпараттық стендте орналастырылған. 

QR код арқылы қазақ және орыс тілдерінде тифлокомментация форматында да қолжетімді.

В Астане открылась выставка, посвященная паралимпийцам
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

«Бүгінде Қазақстан қоржынында Франциядағы жазғы Паралимпиада ойындарына спорттың 8 түрі бойынша 21 лицензия бар. Әлі де жолдама алуға болады. Айта кету керек, дүбірлі додаға кейбір спорт түрлерінен тұңғыш рет қатысамыз», — деді спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Марат Қаскербаев.

көрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Оның айтуынша, елімізде 57 мың мүмкіндігі шектеулі адам спортпен және дене шынықтырумен айналысады.

Айта кетейік, көрме 14 тамызға дейін жалғасады.

В Астане открылась выставка, посвященная паралимпийцам
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
көрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар