Астанада паражүзуден әлем кубогінің жеңімпазына арналған мурал салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада паражүзуден әлем кубогінің жеңімпазы Сиязбек Далиевке арналған мурал салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Астанада паражүзуден әлем кубогінің жеңімпазына арналған мурал салынды

Сиязбек Далиев – паражүзуден Азия мен Еуропа чемпионы, әлем кубогінің жеңімпазы.

Ол биыл «Токио-2021» олимпиадасында еліміздің намысын қорғайды.

Сиязбек тек спортшыларға ғана емес, өзге де жас ұрпаққа өзінің ерік-жігері мен намысшылдығы арқылы үлгі болып жүр.

«Мурал «Toyota Motor Kazakhstan» компаниясы және Ұлттық паралимпиадалық комитеттің бастамасымен салынды. Муралды салған - суретшілер Аяулым мен Айбек Нурбековтар отбасы» делінген хабарламада.

Айта кетейік, мурал Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы 189-көше, 5-үйдің қабырғасына салынған.