Астанада пәтер алаяғы 20 жыл бойы жазадан жалтарып жүрген
Астана қалалық прокуратурасы хабарлағандай, 1998 жылы алаяқ әйел танысына тиесілі үш бөлмелі пәтердің құжатын қолдан жасап, үшінші тұлғаға сатып жіберген. Осылайша, ол жәбірленушіге аса ірі көлемде материалдық залал келтіріп, ауыр қылмыс жасаған.
Дәл сол жылы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген. Алайда, күдікінің ізін суытуына байланысты, үкім шығарылмай қалған.
Оның қайтыс болғаны туралы жалған куәлік құзіретті органдардың жұмыс жасауына уақытша кедергі келтіреді. Соның салдарынан оған тек 2006 жылы ғана іздеу салынған.
Оның қылмыстық қудалау органдарынан ұзақ уақыт бойы қалай жасырынып келгенін ешкім білмейді. Мүмкін, осы уақыт ішінде сырт келбетінің өзгеруі де әсер еткен шығар, алайда ол 2017 жылдың наурыз айында ұсталып, №12 тергеу оқшаулағышына қамалды. Қазір ол сотты күтуде.