Астанада пәтерден бағалы заттар мен ақша ұрлаған екі азамат қамауға алынды
Астана қаласы ПД қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында ұрлықпен айналысқан екі азаматты қолға түсірді. Kazinform бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елордалық тұрғын мереке күндері белгісіз адамдардың үйіне кіріп, сейфтен 1 000 еуро, 1 500 АҚШ доллары, гауһар тастары бар алтын бұйымдар ұрланғанын айтып, полицияға шағымданған.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Нұра» ауданының полиция қызметкерлері 26 және 28 жастағы екі азаматты қолға түсірді. Олардың Елорда маңындағы ауылда тұратыны, еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі анықталды. Күдіктілердің бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны да белгілі болды.
Екі сыбайлас азамат астаналық жәбірленушінің пәтеріне пластикалық терезені ашып, торын бұзып кірген. Ұрылар пәтердің иелері жоқ екеніне алдын ала көз жеткізген. Жауап алу барысында олардан заттай айғақтар алынды. Күдіктілер ақшаның бір бөлігін жаңажылдық мерекені атап өтуге жұмсап үлгерген.
Қазіргі кезде айыпты деп танылған азаматтардың басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.