Астанада пенитенциарлық жүйе қызметкерлері қан тапсыруда

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің елордалық департаментінде қан тапсыру жөніндегі қайырымдылық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлады Астана пенитенциарлық жүйесінің бастығы Бауыржан Оразалин.

Астанада пенитенциарлық  жүйе  қызметкерлері  қан тапсыруда

Б.Оразалиннің айтуынша, «Астана қаласының қан орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының мамандары таңертеңнен бері пациенттерден қан алып жатыр. Департаменттің 30-дан астам қызметкері лейкемиямен ауыратын балалар үшін қан тапсыруға ниет білдіріп отыр.

Алғаш рет өткізіліп отырған бұл қайырымдылық шарасына Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің астаналық департаменті бастамашы болып отыр.