Астанада пештегі ақаудың салдарынан үш адам көмірқышқыл газына уланып қалды, арасында жаңа туған нәресте бар

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Астанада пештегі ақаудың салдарынан үш адам көмірқышқыл газына уланып қалды, олардың арасында жаңа туған нәресте бар. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
None
None

Оқиға жексенбі, қазанның 3-і күні таңғы сағат 4.30-да Алматы ауданына қарасты Өнеркәсіпті тұрғын алқабында орналасқан «Ударник» саяжай қоғамдастығындағы үйлердің бірінде болды.

Иіс тиіп уланған 30 жастағы әйел, 19 жастағы бойжеткен мен жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар