Астанада ПИК төрағасы жемқорлық күдігіне ілікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ПИК төрағасы Қайырлы Омар жемқорлық әрекетке барды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада ПИК төрағасы жемқорлық күдігіне ілікті

Департамент мәліметінше, Қ.Омар Көктал шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешені тұрғындарының ақша қаражаттарын ұрлау күдігіне ілігіп отыр.

«Қ.Омардың іс-әрекетінен тұрғындарға ірі көлемде материалдық шығын келген. Тергеу амалдарына үй тұрғындарының көптеген шағымдары түрткі болды. Сәйкесінше, сараптама жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің Фейсбукте жарияланған ақпаратында.