Астанада ПИК жұмысын жетілдіру шаралары талқыланды
Бүгінгі күні елордада 2392 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оларға 419 пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетеді және статистика көрсетіп отырғандай, ПИК-ке қатысты шағымдар жылдан-жылға азаймай отыр.
«Басты мәселе - кондоминиумдарды тіркеудің әлсіздігі. Құрылыс жүргізушілер және ПИК қарапайым себеппен оларды тіркеу бойынша жұмыс жүргізуге құлықсыз, ПИК-тер ортақ мүлікті тұрғындардың келісімінсіз пайдаланады. ПИК-тер - жертөле орындарын, ал құрылыс жүргізушілер техникалық қабаттарды жалға тапсырады», - дейді елордалықң Тұрғын үй инспекциясының басшысы Әлихан Қуатбеков.
Ә. Қуатбековтың айтуынша, тұрғындардың 40%-ынан шағымдар тек осы мәселе бойынша ғана түседі. Сондай-ақ, тұрғындар ПИК-тердің қызмет көрсету сапасына қанағаттанбайды. Бұл мәселені ол тиімсіз ПИК-терді қысқартып, басқарушы сервистік компанияларды құру арқылы шешуге болады дейді.
«Астанада жұмыс істейтін ондай 18 ұйымның тәжірибесі бойынша нәтиже бар. Материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлары бар басқарушы компаниялар кез келген көлемдегі жұмысты атқаруға қабілетті. 2392 тұрғын үйге ондай 45-50 фирма қажет болады», - дейді Ә. Қуатбеков.