Астанада пиротехника сататын орындар тексерілді

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада жаңа жылдық мереке қарсаңында «Пиротехника-2013» жедел алдын алу іс-шарасы аясында пиротехникалық өнімдер сататын орындарға рейд жүргізілді.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайты қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рейд барысында ірі және ұсақ жаппай сату орындары, базарлар тексерілді. Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт бақылау инспекторлары пиротехникалық өнімдерді сату және сақтау өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болуын бақылауға алды. Рейд барысында пиротехникалық өнімдер сататын бір ғана стихиялық жағдай анықталды.

Айта кетейік, қалалық ТЖД қызметкерлері қалалық ІІД бірлесіп базарларда тыйым салынған жерлерде пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар