12:17, 24 Сәуір 2018 | GMT +6
Астанада полицейлер «Нұрсая» тұрғын үй кешенін қоршауға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде орналасқан дәмханадан иесіз сөмкенің анықталуына байланысты полицейлер маңайды қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрліктер үйіне қарама-қарсы орналасқан дәмханаға қалдырылған сөмке күдік туғызғандықтан оқиға орнына тәртіп сақшылары шақырылды.
«Иесіз зат табылған аумақ қоршауға алынды. Қауіпсіздік шарасы ешкімге ыңғайсыздық тудырған жоқ», - дейді Астана ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлер жүргізген мұқият тексеріс барысында, ешқандай қауіп тудыратын зат табылған жоқ. Сөмкені дәмханаға келушілердің бірі ұмытып кеткен.