Астанада полиция жылы аялдаманың есігін сындырған бұзақыны іздеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда полициясы жылы аялдаманың шыны есігін аяғымен теуіп сындырған бұзақыны іздеп жатыр. Бұл жайында Елорда инфо жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған видеода елордадағы жаңа аялдама павильонының шыны есігін ер адамның теуіп сындырғаны таспаланған. Сонымен қатар аталған материалдан жас жігіттің бір қызбен түнгі сағат 2-де аялдама отырғанын, есікті сындырғаннан кейін кетіп қалғанын көруге болады.

Аялдама павильондарын күтіп ұстаумен айналысатын «vDS Kazakhstan» ЖШС-нен аталған нысанның осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Байтұрсынов көшесінде орнатылғандығын айтты.

«Оқиға осы жылдың 2 қаңтарында болған. Жас жігіт есікті теуіп, шынысын сындырған. Шығын сомасы белгісіз. Жаңа үлгідегі аялдама осыдан бір ай бұрын пайдалануға берілген еді», - деді «vDS Kazakhstan» ЖШС-нің маманы Алексей Нижеик.

Ал қалалық полиция департаменті бұзақының кім әкендігі әлі анықталмағандығын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар