Астанада «Полициядағы кезекші прокурор» жобасы жүзеге асырылуда

«Қала прокуратурасы мен Астананың ІІД басшыларының ведомстволар қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобын құру жөніндегі біріккен өкімі әзірленді. Кезекші прокурорлар бөлмесінде жеткізілген азаматтарды электронды түрде тіркеп отыратын компьютерлер орнатылып, прокуратура қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшіліктері ұйымдастырылған», - делінген Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінде.
Қабылданған іс-шараларға байланысты заңсыз тінту жүргізуге, азаматтар мен мекемелердің мүліктеріне тыйым салуға жол берілмейді.
«Прокурорлық іс-қимыл актілері бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны үшін қылмыстық қудалау органдарының 29 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылып, қалғандары бойынша қызметтік тексеру жүруде. Прокурорлық іс-қимыл актісінің нақты сапасы мен тиімділігін арттыруға іс-шаралар қабылданды. 279 актіні қарау нәтижесінде 292 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген баспасөз хабарламасында.