2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Астанада полицей балконнан құлаудың алдында тұрған қызды құтқарып қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (ЖҚАЖ) қызметкері биіктіктен құлаудың алдында тұрған қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотрудник СОБР спас девушку от падения с высоты в Астане
Фото: Kazinform/ЖИ

Оқиға түскі уақытта болған. Полиция қызметкері Еламан Тішпаев үйіне келген кезде, ғимарат маңына адамдардың жиналғанын байқайды. Куәгерлер оған көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарының біріндегі балконда қыздың отырғанын айтқан.

Еламан Тішпаев бірден подъезге кіріп, 12-қабатқа көтерілген. Балконның шетінде отырған қызды көрген полицей жағдайды бағалап, оған абайлап арт жағынан жақындаған.

Қолайлы сәтті пайдаланып, ол қызды ұстап алып, балконның шетінен қауіпсіз жерге шығарған.

ЖҚАЖ қызметкері жедел қызметтер келгенге дейін қыздың жанында болып, кейін оны медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Полиция қызметкерінің дер кезінде жасаған әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды.

Полиция департаменті қызметкерлердің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тек қызмет барысында ғана емес, күнделікті өмірде де дайын екенін атап өтті.

Бұған дейін Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала жатқан арбаға құлап, екеуі де қаза болғанын жазғанбыз.