Астанада полицей көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді

Суицид
Фото: Видеодан алынған кадр

Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды.

Бұл оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған.

«Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалды», — делінген ІІМ мәліметінде.

Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған.

Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар